«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/120 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 18-03/624 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/120 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық аткілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7602 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер», «Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» құрметті атақтары (бұдан әрі - құрметті атақтар), «Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін», «Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгілері (бұдан әрі - төсбелгілер) және құрмет грамоталары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі - Комитет) мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне;
2) Комитеттің қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне;