Міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектіcі іске асыратын көрсетілетін қызметтерге бағаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 235 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 67 бұйрығымен күші жойылды
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары бекітілсін.
2. Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің