«Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 304 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 445 бұйрығы (күші жойылды)

 «Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 304 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 445 бұйрығы

 

ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 мамырдағы № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11559 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 тамызда «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасына және өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тiркеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу» мемлекеттiк қызмет регламентi;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау» мемлекеттiк қызмет регламентi;

3-1) осы бұйрықтың 3-1-қосымшасына сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасын тiркеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тiркеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру» мемлекеттiк қызмет регламентi;

7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттiк қызмет регламентi;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.