Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының және Қазақстан Республикасы Көлік министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 9 қаңтардағы № 7 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының және Қазақстан Республикасы Көлік министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының ұсынылған тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.