Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдау жөнінде қолданатын шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 208 Қаулысы
(2020.29.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.29.06. № 68 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Инвестициялық портфельді басқарушының (бұдан әрі - Басқарушы) ірі қатысушысы инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдау жөнінде мынадай шаралар белгіленсін:
1) ірі қатысушының сақтауы үшін міндетті Басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдау жөнінде шаралар қолданудың талаптары мен тәртібін белгілейтін ішкі құжаттарды Басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының әзірлеуі және бекітуі;
2) «Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің, сондай-ақ олардың мәнінің сақталуын сипаттайтын көрсеткіштердің түрлерін белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиісті пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 79 қаулысының (бұдан әрі - № 79 қаулы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17008 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 маусымда Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағының 1) тармақшасының екінші абзацында белгіленген Басқарушының меншік капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің қажетті мәнін тұрақты түрде қамтамасыз ету»;