Мемлекеттік орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды, күрделі жөндеуді қаржыландыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 3 маусымдағы № 153-НҚ бұйрығы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды, күрделі жөндеуді қаржыландыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі бұйрығының және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының бұйрығының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі бұйрығының құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инвестициялық саясат және инфрақұрылымды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1) 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасы, 14-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: