«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 546 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 546 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

14-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

«11-1) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге;»;

15-тармақта:

1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) құзыреті шегінде мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі бағыттарын іске асыру және оны одан әрі дамыту;»;

8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу және пайдалану қағидаларын әзірлеу;»;

мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«11-1) азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың іс-әрекеттерін бекіту үшін техникалық құралдарды пайдалану;

«11-2) азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттерін бекіту үшін техникалық құралдарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;»;

12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«12) азаматтық қорғауды бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру қағидаларын әзірлеу;»;

мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

«12-1) соғыс уақытында эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу;»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.