МЕЛИОРАТИВТІК ЖҮЙЕЛЕР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАР
ҚР ҚН 3.04-11-2023
(Бейресми мәтін)
Мазмұны
4 ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫНЫҢ НОРМАТИВТІК ТАЛАПТАРЫНЫҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАРЫ
4.1 Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаты
4.2 Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
5 МЕЛИОРАТИВТІК ЖҮЙЕЛЕР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ ЖҰМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5.2 Мелиоративтік (суаратын) жүйелерге қойылатын талаптар
5.3 Мелиоративтік жүйелердегі құрылыстарға қойылатын талаптар
5.4 Суармалы жерлерді игеруге құрылыстық дайындау
5.5 Сызықтық құрылыстарға қойылатын талаптар
5.7 Су құю технологияларына қойылатын негізгі талаптар
6 ЭНЕРГИЯ ТҰТЫНУДЫ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҮНЕМДІ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР
6.1 Суаратын жүйелерді жобалау кезінде энергия тұтынуды үнемдеу
6.2 Табиғи ресурстарды үнемді пайдалану
7 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТАЛАПТАРЫ
7.2 Балық қорғайтын шаралар мен құрылғылар
Осы құрылыс нормалары жаңадан салынатын және қайта құрылатын мелиоративтік жүйелер мен құрылыстарды, сондай-ақ күрделі жөндеуге, кеңейту мен техникалық қайта жабдықтауға ұшыраған объектілерді жобалау және салу бойынша жалпы талаптарды белгілейді.
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне келесі сілтемелер қажет:
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442-II Жер Кодексі. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Су Кодексі.
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экологиялық кодексі Кодексі.