Абай менің жүрегімде»

03.10.2025

Абай менің жүрегімде»

 

 

 

Кішкентай кезімнен мектеп уақытында Пушкин мен Есениннін кітаптарын оқып, мақала жаттап жүрген кездерім есімде, сабақты орысша оқып, орысша ойлап, орысша сойледікте. Қайран заман ай. Анам сол кезде Абай Құнанбаев атамыздын қара сөздерін айтып, жатқа біліп, көп әнгіме айтып, Абайдын кім екенін таныстырған болатын. Анама көп рахмет  айтқым келеді. Себебі өмірде қандай да қиыншылық кез келгенде, айтылған Абай атамыздын сөздері  ойыма келеді.

«Жүрегім, нені сезесің,

Сенен басқа жан жоқ па?

Дүниені, көңілім, кезесің,

Тиянақ жоқ па, қой, тоқта!

 

Сезгеніңді сездіріп,

Жете алмадың ортаққа.

Тірі жаннан бездіріп,

Апарасың қай жаққа?

Ортақтық, тыныштық достық қой,

Оның қадірін кім білер?

Әркімге-ақ тілеу қостық қой,

Бәрі — алдамшы саудагер.

 

Халықтың аты керек қой

Я мақтауға, боқтауға.

Құбылға бәрі зерек қой,

Бәрі жайсыз тоқтауға.»

Оның өлеңдерін оқи отырып, одан жалғандық табу қиын. Өлеңдерінен қазақтың ұлттық табиғатына тән шындық мөлдіреп көз алдыңа келеді, ол өзінің қарапайымдылығымен, табиғилығымен құйылып, ойға, сезімге ұялайды.

          Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет өз заманында халықты толғандырған қоғамдық және саяси өмір проблемаларын күн тәртібіне қойды, қазақ қоғамының қайшылықты жақтарын, замандастарының алауыз берекесіздігін, патшаның отаршылдық саясаты қоздырып отырған рулық тартыстардың елдің бірлігіне келтірген зиянын қатты сынай отырып, еңбекші елге іш тартты, халықты озық мәдениетке сүйреді. Ол халықтардың оңашаланып өмір сүретін дәурені өткенін, ендігі жерде ел болудың кепілі - дамыған көрші елдермен қарым-қатынас жасауда екенін айтты. Елді сол жолда бірігуге, ынтымақтастыққа шақырды.

Уақыт талабын заманынан оза шауып түсіну - Абай даналығының белгісі. Ол шындықтың ақыны болып туды, солай өмір сүрді. Сондықтан Абай  қазақ әдебиетіндегі тұңғыш ұлы суреткер саналады, ақын боп сөз жазып қана отырмаған, өз өлеңдеріне өзі ән шығарып таратқан еді. Оның композиторлық шығармашылығы біздің халықта ерекше бағаланады. Қазақ даласында бірінші шырқалған Татьяна тек Пушкинді ғана насихаттап, халыққа таратып қана қойған жоқ, сүйгеніне қосыла алмаған мұңды орыс қызын қазақпен байланыстырды. Абайдың жас кезінен көргені, естігені - бай фольклор және халық әдебиеті,  жеке ақындар творчествосы болды. Жасынан әке ырқымен ел ісіне араласқан Абай сөз сырын жақсы білді, дау ұстағандардың талай сынынан өтті, шешен атанды, төбе билікке де сайланды. Біздің халқымыздың көзін ашқан, роман бүкіл әлемнің әртүрлі нүктелерінен оқылады. Әр түрлі халықтар, әр түрлі адамдар, әр түрлі қоғам оқиды.

«Досты қайдан табасың,

Кеңесерге адам жоқ.

Әрлі-берлі шабасың,

Жалғыздықтан жаман жоқ.

 

Ақыл айтсаң біреуге

Ішің еріп, егіліп,

Ұялмас ақы тілеуге,

Бермесең қалар түңілііп.

 

Ақы беріп тындатқан

Сөз көкейге қонар ма?

Құлағын сатқан тәңірі атқан

Оңдырар ма, оңар ма?

 

Күйесің, жүрек, күйесің,

Күйгеніңнен не пайда?

Дүниеде нені сүйесің,

Өмір қайда, дос қайда?»

 

Мен мемлекет қызметкермін. Өзімде екі бой жеткен ұлдарым бар, туғаннан қазақша сөйлеп, қазақ мектебіне барып білім алды. Сабақтарында Абай Құнанбаевтын мақаласын жаттауға берді дегенде құанып, бірге жаттап, көп әнгіме айтып отырағамбыз. Күз мезгілі туралы әлі есімде:

« Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай....»

 

 Абайдың шығармаларын сүйіспеншілікпен оқуға тырысамын. Абайды жақсы көргенін және оны жүректерінде сақтағанын қалаймын. Абай рухы олген жоқ, жылдан жылға қайта жаңғырып, біріміздін өмірімізге үлкен нәр беруде

Абай менің жүрегімде...

 

 

 

 

Үлкен Нарын аудандық сотының бас маманы Шынар Темиржанова