Осы редакция 2019 жылғы 20 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 229 бұйрығына
1-қосымша
Балалар үйлері қызметінің
үлгілік қағидалары
(2018.23.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы Балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына (бұдан әрі - Үлгілік қағида) сәйкес әзірленді және балалар үйлері қызметінің (бұдан әрі - балалар үйі) тәртібін белгілейді.
2. Балалар үйі заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкі, өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банкте шоты болады және тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушілердің психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерін қорғау талаптарына сәйкес дербес әзірлейді.
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2018.23.05. № 222 бұйрығымен 2-1-тармақпен толықтырылды