«Тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидаларын және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 210 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 14 тамыздағы № 549 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидаларын және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 210 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 14 тамыздағы № 549 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидаларын және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 210 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16482 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 40-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидаларында:

5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте мемлекеттік кірістер органдары цифрлық жүйе арқылы декларантқа және (немесе) кеден өкіліне ТБЖ тәуекелдердің алдын алу және (немесе) барынша азайту бойынша тағайындаған шаралар туралы хабарламаны жолдайды.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. ТБЖ айқындаған тауарларды сыныптау бойынша тәуекелдердің алдын алу және (немесе) барынша азайту бойынша шаралардың қолдануын УЛА мынадай ережелерді ескере отырып жүзеге асырады:

1) «Кедендік декларацияны толтыру бойынша нұсқаулық және кедендік декларациялардың нысаны туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген, кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру түріндегі кедендік бақылауды жүргізген кезде декларантқа және (немесе) кеден өкіліне цифрлық жүйе арқылы тауарларға арналған декларацияның (бұдан әрі - ТД) 33-бағанында мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды табыс ету қажеттілігі туралы сұрау салу жолданады.

Декларант немесе кеден өкілі электрондық түрде немесе қағаз тасымалдағышта табыс етілетін сұрау салынған құжаттардың тексеруін УЛА Кодекстің 410-бабында белгіленген тәртіп пен мерзімде жүзеге асырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.