«Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 шілдедегі № 681 Қаулысы

 «Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 шілдедегі № 681 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларында және олардың мөлшерлерінде:

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Мемлекеттік стипендия төлеу шеңберінде оператордың жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылы «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары «Жоғары білімнің бірыңғай платформасы» цифрлық жүйесі арқылы ағымдағы айдың 12-ші күнінен кешіктірмей операторға мәлімет береді, онда өздерінде оқып жатқан алушылар туралы, олардың аралық аттестаттау нәтижелері (емтихан сессиясы), осы Қағидаларға сәйкес алушылардың санаттары, сондай-ақ алушылардың таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте не Ұлттық пошта операторында ашылған олардың ағымдағы шоттарының деректемелері туралы дұрыс деректер қамтылады. Егер 12-ші күн жұмыс істемейтін күнге келетін болса, одан кейінгі ең жақын жұмыс күні мерзім аяқталатын күн болып есептеледі.

Оператор жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ұсынған мәліметтерді қарайды және қаржыландыруға өтінімдерді ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға, тиісті саланың өзге де уәкілетті органдарына мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.