«Текелі қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Текелі қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 11-65 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жетісу облысы Текелі қалалық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 25-116 шешімі

Текелі қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Текелі қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 11-65 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жетісу облысы Текелі қалалық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 25-116 шешімі

 

Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Текелі қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Текелі қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 11-65 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 191944 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Текелі қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

2 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

2) арнайы комиссия - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Текелі қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.