«Банктің ірі қатысушысы, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, келісімді қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 30 Қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

Банктің ірі қатысушысы, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, келісімді қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 30 Қаулысы

 

«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Банктің ірі қатысушысы, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, келісімді қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.