«Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің Қағидалары» (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығына 2-қосымша) (2026.12.07. берілген өзгерістермен)

ҚР Әділет министрінің 2026.30.04. № 406 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің міндетін атқарушының

2020 жылғы 28 мамырдағы

№ 61 бұйрыққа

2-қосымша

 

 

«Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің

Қағидалары

(2026.12.07. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен әзірленді және «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің тәртібін анықтайды.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

2. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге www.adilet.gov.kz www.elicense.kz «цифрлық үкiмет» веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі - Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет жиынтығында «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіледі.

Лицензияны қайта ресімдеу көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.