«Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алу үшін цифрлық жүйелерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 60 Қаулысы (2026.22.08. берілген өзгерістермен)

Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алу үшін цифрлық жүйелерге қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 60 Қаулысы

(2026.22.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.03.08. № 115 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 22 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 57-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.03.08. № 115 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 22 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алу үшін цифрлық жүйелерге қойылатын талаптар осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.