«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 389 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10058 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларына:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Тестілеу келесі талаптар мен рәсімдерді көздейді:
1) өтініш берушінің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен тестілеуді өткізу.
Қажет болған жағдайда қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретінде аттестат алу үшін тестілеуді ағылшын тілінде өткізіледі;
2) өтініш берушілерді тестілеуге жіберу жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну бойынша жүзеге асырылады;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері тестіленушілерді тестілеуді өткізу рәсімдерімен таныстырады;
4) тестілеу кезінде сарапшылар сөйлесе және тестілеу өткізілетін үй-жайдан шыға алмайды. Жеке электрондық құрылғыларды (соның ішінде компьютерлерді, ұялы телефондарды тестілеу кезінде пайдалануға тыйым салынады);
5) қызмет берушінің қызметкерлері осы тестілеуді өткізу рәсімін бұзған өтініш берушілерді тестілеуден шығарады;
6) компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу автоматты түрде компьютерлік бағдарламамен жүргізіледі.