(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТАУАР ТАҢБАСЫНА ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК МЕНШІК ОБЪЕКТІЛЕР...

Осы редакция 2017 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Әділет министрінің 2016.08.01. № 7 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

міндетін атқарушысының

2015 жылғы 29 мамырдағы

№ 304 бұйрығына

1-қосымша

 

 

«Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне
құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2016.08.01. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу» (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - сараптау ұйымы), оның ішінде «электрондық үкімет» www.egov.kz  веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 613 бұйрығымен бекітілген «Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12825 болып тіркелген).

2. Қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Қағаз жеткізгіште берілген, тіркеу күні және оның ағымдағы нөмірімен бірге мөртабан қойылған шартты мемлекеттік тіркеу не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық, қағаз түрінде.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.