«Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 7-1/848 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № 42 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 7-1/848 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12243 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ұйымда мыналар болуы керек:
1) технологиялық жабдықты немесе желілерді пайдалануға енгізу, сондай-ақ орнату және/немесе азық және азықтық қоспалардың жаңа түрлерін шығару кезінде - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға (бұдан әрі - Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар) сәйкес берілген ветеринариялық-санитариялық қорытынды;