Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде
(2024.09.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 28 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы 4-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы туралы» (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 50, 572-құжат) 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 435 және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 435 өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 544 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 207-құжат) өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.