Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және сақтандыру брокерлерін реттеу және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 30 сәуірдегі № 125 Қаулысы
(2010.03.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және сақтандыру брокерлерін реттеу және қадағалау мәселелері бойынша мынадай нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 128 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 83 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4218 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу ережесінде:
4) тармақшадағы «қаржылық» деген сөз «полистік» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «байланысты емес» деген сөздер «байланысты» деген сөзбен ауыстырылсын;
«шығындылық коэффициентін есептеу туралы есепті» деген сөздерден кейін «(бұдан әрі - есеп)» деген сөздермен толықтырылсын;
«актуариймен расталған» деген сөздер алынып тасталсын;