«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 39-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 36-НҚ нормативтік қаулысы

 Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 39-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 36-НҚ нормативтік қаулысы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТЫНАН

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төраға Э.Ә. Азимова, судьялар А.Қ. Ескендіров, Қ.Т. Жақыпбаев, А.Е. Жатқанбаева, Қ.С. Мусин, Б.М. Нұрмұханов, Е.Ж. Сәрсембаев және С.Ф. Ударцев қатысқан құрамда,

өтініш субъектісі Д.А. Кожахметовтің,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі - Бас Прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі М.Т. Кемаловтың,

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің өкілі - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Н.О. Сисенованың,

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі - вице-министр А.Қ. Мұқанованың,

«Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі - хатшының міндетін атқарушы Б.Н. Нұржанның қатысуымен,

өзінің ашық отырысында Д.А. Кожахметовтің «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Конституциялық заң) 39-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарады.

Баяндамашы - Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы А.Е. Жатқанбаеваны және отырысқа қатысушыларды тыңдап, конституциялық іс жүргізу материалдарын зерделеп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқық нормаларына талдау жасай отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

анықтады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.