«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1049 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылық көрсеткіші - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес интеграциялау жолымен алынған мемлекеттік кірістер органдарының немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім берушінің тиісті уәкілетті органының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-порталда автоматты түрде айқындалатын әлеуетті өнім берушінің кірістері, төленген салықтары және еңбегіне ақы төлеу қоры бойынша көрсеткіштер жиынтығы (бұдан әрі - осы Қағидалардың 293-тармағында айқындалған тәртіппен қолданылатын мемлекеттік кірістер органдары);»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: