Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығына 2-қосымша) (2017.22.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

міндетін атқарушының

2015 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 717 бұйрығына

2-қосымша

 

 

ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2017.22.02. № 76 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу

қағидалары
(2017.22.02. берілген өзгерістермен)

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2017.22.02. № 76 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік мекемелердің (бұдан әрі - ММ), мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың (бұдан әрі - МКҚК), шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың (бұдан әрі - ШЖҚМК) ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алудың тәртібін белгілейді.

2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) әлеуетті өнім беруші - тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум);

2) бюджет - мемлекеттік мекеменің бюджеті.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.