Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 66 бұйрығына 4-қосымша
«Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару»
мемлекеттік қызметтің көрсету ережесі
(2026.14.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Әділет министрінің 2026.28.07. № 721 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес әзірленді және «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
ҚР Әділет министрінің 2025.16.01. № 34 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығаруды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Комитет) және аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығаруды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
ҚР Әділет министрінің 2021.12.10. № 884 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.16.01. № 34 бұйрығымен (2025 ж. 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда