«Төлеушілердің жеке шоттарын жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 244 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 қаңтардағы № 24 бұйрығы

 «Төлеушілердің жеке шоттарын жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 244 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 қаңтардағы № 24 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Төлеушілердің жеке шоттарын жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 244 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16523 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың, сондай-ақ аванстық төлемдердің артық төленген сомасы, артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын есепке жатқызу және (немесе) қайтару қағидаларында:

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу Қазақстан Республикасы кірістерінің бірыңғай бюджеттік жіктемесінің кірістердің тиісті коды «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерті мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 тіркелген) бойынша жеке жүргізіледі (бұдан әрі - бюджеттік сыныптама кодтары).»;

17-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«қате фактісі анықталған кезде, мемлекеттік кірістер органының жасаған кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате төленген сомаларының туындау себептері туралы хаттамасы бойынша жүргізіледі.»;

18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.