«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 205/НҚ бұйрығына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 2/НҚ бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 205/НҚ бұйрығына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 2/НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 205/НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Регламентінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Құжаттармен жұмысқа қойылатын талаптар, Регламентте белгіленген мерзімдер Агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелерінің барлық қызметкерлеріне қолданылады.

Агенттік Төрағасының орынбасарлары жетекшілік ететін бағыттар бойынша тапсырмаларды орындамағаны, сапалы орындамағаны, мерзімін өткізіп алғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі - Президент Әкімшілігі) шағымдарын уақытылы пысықтауды және жоюды қамтамасыз еткені үшін дербес жауапты болады.

Агенттік Төрағасының орынбасарлары, аппарат Басшысы хаттамаларының жобалары Агенттіктің Әкімшілік-қаржы департаментімен міндетті түрде келісілуге тиіс.»;

41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«41. Агенттік басшылығы қараған «қызмет бабында пайдалану үшін» (бұдан әрі - ҚБП) деген белгісі бар кіріс хат-хабар Агенттіктің кеңсесіне ресімдеу және Агенттік басшылығының қарарына сәйкес Агенттіктің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына одан әрі беру үшін жіберіледі.

Агенттіктің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына жіберілген ҚБПҮ құжаттар журналға қол қойғызып құжат айналымы басқармасында қолма-қол беріледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.