Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 65 «Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 214 Қаулысы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 2 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 65 «Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2386 болып тіркелген, 2014 жылы 15 сәуірде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және «Маңғыстау» газетінде 2014 жылы 15 сәуірдегі № 61(8570) жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы келесідей мазмұндағы реттік номерлері 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45 жолдармен толықтырылсын: