«Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 236 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 691 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16483 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Электрондық нысандағы жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу (оның электрондық нұсқасын енгізгенге дейін экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны қоспағанда) осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған тіркеу нөмірін осындай декларацияға беру жолымен жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: