«Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 606 бұйрығы

«Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 606 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына (мемлекеттік құқықтық нормативтік актілердің тіркеу тізіліміне № 12880 болып тіркелген, «Егеменді Қазақстан» газетіне 2016 жылғы 18 ақпанда № 32 (28158) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«11) қандас - бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және осы Заңмен белгіленген тәртіпте тиісті мәртебесін алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері»;

2-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«15) этникалық қазақ - ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.»;

14-тармақтың 3-абзацының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде КҚП АЖ арналары арқылы есептік іс облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің (бұдан әрі - ПД КҚҚБ) Көші-қон қызметі басқармасына келісімге жолданады»;

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18) осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес қызмет көрсетуші рұқсаттың күшін жою үшін негіз болып табылатын әрекеттерді жасаған кезде, Заңның 49-бабына сәйкес нысан бойынша бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы қорытынды шығарылады.»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.