«Теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 287 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Теміржол көлігіндегі жол жүрісі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19183 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-34) тармақшасына сәйкес»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігінің бұзушылықтарын тергеп-тексеру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін
атқарушы 2023 жылғы
26 сәуірдегі
№ 287 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрінің
2019 жылғы 1 тамыздағы
№ 604 бұйрығымен бекітілген