ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-11-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілері лауазымдарының тізбесібекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілері лауазымдарының тізбесінде көрсетілген лауазымдардың атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атаулар қолдану құқығы берілсін.
3. Осы Жарлық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.