«Карантиндік және шектеу шаралары туралы» Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 31-Қ Қаулысы (2021.27.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

 

«+» - қызметке рұқсат етілген;

«» - қызмет ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген;

«-» - қызметке тыйым салынады»;

* - толтырылу шарттары ҚР БМСД 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған;

** - банкет залдары мейрамханалар, дәмханалар типі бойынша ас беру және келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді;

*** - «қара-қызыл» аймақ - қатер деңгейі өте жоғары аймақ (инфекциялық төсектердің толтырылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам көрсеткіші кезінде);

**** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).;

***** - облыстық және Республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс режимі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ХҚО кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі.

****** - Ұйымдар, офистер қызметкерлерді covid-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қашықтықтан және көзбе-көз жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды есепке алмай қызметін жүзеге асырады. Бұл ретте соңғы 3 ай ішінде covid-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және C0VID-19-мен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

******* - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің

2021 жылғы 27 тамыздағы

№ 31-Қ қаулысына

3-қосымша

 

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мемлекеттік органдарға (ұйымдарға),

ұлттық компанияларға, бизнес-орталықтарына және басқа да кеңселерге

қойылатын талаптар

 

 

I. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде

мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға,

басқа да кеңселерге койылатын талаптар

 

1. Әкімшілік персонал өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыс күнін барынша қысқарта отырып, қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырылады.

2. Объектіге кіреберісте қызметкерлер мен келушілердің жіті респираторлық аурулардың (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері жоқ адамдарды объектіге жіберумен байланыссыз термометрия жүргізу ұйымдастырылады.

3. Объектілерде табиғи желдету болмаған жағдайда қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе бактерицидті әсері бар ауа рециркуляторларын (бұдан әрі - ауа рециркулятор) пайдалана отырып, ауаны зарарсыздандыруды жүргізу ұсынылады. Кварц, бактерицидті шамдарды пайдалану ережелерді қатаң сақтаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдетумен адамдар болмаған кезде жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын пайдалану (адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі).

4. Объектінің үй-жайларына мынадай адамдар жіберілмейді:

1) COVID-19 расталған жағдайларымен байланыста болған адамдар;

2) қызметкерлерді қоса алғанда, жіті респираторлық аурулар (жоғары қызба, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар адамдар.

5. Объектінің үй-жайларына маскасыз кіруге жол берілмейді. Ғимаратта міндетті түрде маска киген келушілердің болуы қамтамасыз етіледі.

6. Кіреберісте, холлда, лифтіге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылады.

7. Органның (ұйымның) әкімшілігі:

1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды тағайындауды (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);

2) санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер);

3) жұмыс күні ішінде маскаларды / респираторларды оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалануды;

4) қызметкерлер бір үй-жайда бір-бірінен кемінде 2 метр қашықтықта болатын жағдайларды (әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып);

5) антисептиктермен жұмыс орындарын;

6) қызметкерлер арасында жеке / өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізуді қамтамасыз етеді.

8. Объектілердің аумағы және барлық үй-жайлар таза ұсталады, күн сайын қоқыстан және ластан тазартылады.

9. Барлық үй-жайларды жинау жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын ылғалды тәсілмен және желдетумен жүргізіледі.

10. Асхана, буфет және дәретханалар күн сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жиналады.

11. Жиһаз, терезе алды, шкафтар, есік тұтқалары, компьютер пернетақтасы (көбіне қолмен жанасатын орындар) дезинфекциялау құралымен сүртіледі.

12. Дезинфекциялау жүргізу үшін Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында тіркелген және белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.

13. Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар құралдар қолданылады.

14. Дезинфекциялау құралдары вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимі көрсетілген оларға қоса берілетін нұсқаулықтарды қатаң сақтаған кезде қолданылады.

15. Үй-жайлар мен жабдықтардың жекелеген түрлерін (тамақтанатын үстелдер, ыдыс-аяқ, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өндеу үшін жеке шүберек көзделеді.

16. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстың заттаңбасы дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.

17. Дезинфекциялау құралдарын бөгде адамдарға беру және оларды қараусыз қалдыру жүзеге асырылмайды.

18. Техникалық персонал (тазалаушы әйелдер) дезинфекциялауды жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық масканы пайдалана отырып жүргізеді.

19. Денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар дезинфекциялық құралдармен жұмыс істейді.

20. Жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсы жуады және арнайы бөлінген орындарда сақтайды.

 

 

II. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі бизнес-орталықтар қызметінің алгоритмі

 

1. Кіреберістегі дене температурасын бақылауды (ресепшн, күзет пункті, өту орны) объектінің қызметкері барлық қолжетімді кіреберістерде жүзеге асырады.

2. Бизнес-орталықтардың аумағына маскасыз кіруге және онда болуға жол берілмейді.

3. Объектіні күзету қызметі, әкімшілік екілі және еріктілік қызмет келушілердің, қызметкерлердің маскаларды міндетті түрде киюін және олардың әлеуметтік қашықтықты сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді.

4. Сауда жасаушылар мен бизнес-орталықтардың қызметкерлері медициналық немесе матадан тігілген маска, қолғап киеді.

5. Объекті әкімшілігі әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен (1 адамға 4 шаршы метрден кем емес) объектінің толтырылуын қамтамасыз етеді.

6. Объекті әкімшілігі әрбір үй-жайда (кеңседе) келушілердің бір жолғы рұқсат етілген саны туралы ақпарат беруге міндетті. Ақпарат әрбір үй-жайға кіреберісте көзге көрінетін қолжетімді жерде орналасуы тиіс.

7. Кеңселердің қызметкерлері (жалға алушылар) әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен (1 адамға 4 шаршы метрден кем емес) өз үй-жайларында әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.

8. Санитариялық шараларды сақтау қажеттілігі туралы радио арқылы (60 минутта кемінде 1 рет) айтылады.

9. 500 шаршы метрден асатын объектілер үшін кіреберістерде санитайзерлік рамкалар (дезинфекциялық тоннельдер) орнату міндетті.

10. Объектінің меншік иесі мыналарды қамтамасыз етуі қажет:

1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды анықтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);

2) әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету және келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еден таңбаларын, қоршаулар мен тосқауыл ленталарын орнату, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу;

3) кіреберісте, холлдарда, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату;

4) кварц шамдарын пайдалану кезінде олардың мүлтіксіз сақталуына жеке / өндірістік гигиена және бақылау ережелерін сақтау қажеттілігі, қауіпсіздік шаралары туралы қызметкерлер арасында нұсқама жүргізу;

5) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз ету (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы);

6) халыққа маскамен қызмет көрсету;

7) таңбаланған контейнерлерде (полиэтилен қаптар) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды орталықтандырылған жинау;

8) желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, бизнес орталықтардың, сауда үйлерінің, жеке тұрған сауда үй-жайларының ішінде профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауа баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі;

9) ірі объектілерде табиғи желдету болмаған жағдайда қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес ауаны кварц, бактерицидті шамдарды немесе рециркуляторларды пайдалана отырып зарарсыздандыру ұсынылады. Кварц шамдарын пайдалану қағидалар қатаң сақталған кезде, адамдар болмаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі.

Ауданы 50 шаршы метрден кем жабық үй-жайларда табиғи желдету болмаған жағдайда ауаны кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып зарарсыздандыру міндетті;

10) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекциялау жүргізуі;

11) арнайы бөлінген орындарда пайдаланғаннан кейін жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) тиісінше сақтау;

12) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, жанасатын беттерін (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды жүргізу;

13) үй-жайларды жинау, қызметкерлердің қолдарын өңдеу, тыныс алу органдарының ЖҚҚ үшін дезинфекциялық және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бес күндік) қорының болуы;

14) денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа жіберу;

15) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйде сақтауды қамтамасыз етуі қажет. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің

2021 жылғы 27 тамыздағы

№ 31-Қ қаулысына

4-қосымша

 

 

Медицина қызметкерлерінің COVID-19-ды жұқтыруын болдырмау мақсатында

денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлу және жұмыс режимі

 

 

1-бөлім. Инфекциялық стационарларды аймаққа бөлу және жұмыс режимі.

I. Инфекциялық стационарларда инфекциялық қауіптілікті ескере отырып, «лас» және «таза» аймақтарға бөлу:

 

1. Инфекциялық стационарларда стационарды «таза» және «лас» аймақтарға қатаң бөлуді қамтамасыз ету қажет.

2. «Таза» аймаққа мыналар жатады:

1) медицина қызметкерлеріне арналған кіру тобы, сыртқы киімге арналған гардероб, кіретін жерде «лас» аймаққа дейінгі және шығатын жерде «лас» аймақтан кейінгі санитариялық өткізгіш. осы блоктардағы қосалқы үй-жайлар;

2) ординатор, мейіргер, бөлімше меңгерушісі кабинеттері, аға мейіргер, шаруашылық бикелері және басқа да персонал кабинеттері, санитариялық торап, олардың шаруашылық үй-жайлары. Бұл ретте оларға кіретін жер жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі - ЖҚҚ) шешуге арналған шлюз және душ арқылы болуы тиіс;

3) әкімшілік кабинеттері және басқа да әкімшілік үй-жайлар;

4) көшеден кіретін жері бар және «лас» аймақтың ішінде шығатын жер жоқ техникалық үй-жайлар;

3. «Лас» аймаққа осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, стационардың қалған барлық үй-жайлары жатады.

4. Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалануды қамтамасыз ету қажет:

1) ауысымға кіретін жерде «таза» аймақтан «лас» аймаққа;

2) ауысымнан шығатын жерде «лас» аймақтан «таза» аймаққа қамтамасыз ету қажет.

3) бұл ретте ағымдар қиылыспауы тиіс.

4) «таза» аймақтың құрамында шешінетін бөлме, ЖҚҚ беретін бөлме, сан. торап болуы тиіс.

5) «лас» аймақта ЖҚҚ-ны шешу бөлмесі, ЖҚҚ жинау бөлмесі, душ кабиналары және сан.тораптардың жеткілікті саны болуы тиіс.

5. Бөлімшенің «лас» аймағынан персоналдың демалу және жұмыс істеу (құжаттармен, компьютермен жұмыс істеу) үй-жайларын алып тастау қажет.

6. Медициналық ақпараттық жүйелердегі жұмыс, кәсіби мәселелерді талқылау, құжаттармен жұмыс істеу, демалу, тамақтану және сусындар ішу және т.б. тек осы қосымшаға 2-тармақта көрсетілген «таза» үй-жайларда ғана жүргізіледі.

Аталған «таза» үй-жайлар бөлімшенің ішінде немесе оларға тікелей жақын жерде болуы тиіс.

7. Пациенттердің, сондай-ақ персоналдың пайдаланылған ЖҚҚ-мен таза аймақтың үй-жайларына кіруіне және онда болуына үзілді-кесілді тыйым салынады.

8. Персонал «таза» және «лас» аймақтар арасында орын ауыстыру санын ескере отырып, стационарда ЖҚҚ мен дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс.

9. Лас аймақтағы персонал 3 сағаттан артық емес үздіксіз жұмыс істеуі тиіс, кейіннен таза аймаққа шығу және қажет болған жағдайда жұмыс ауысымы ішінде лас аймаққа қайта кіреді. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚК пайдаланылады.

10. Әкімшілік, техникалық және қосалқы персонал ЖҚҚ-сыз «лас» аймақтарға жіберілмейді.

11. Тікелей бөлімшеде «таза» және «лас» аймақтарды құру мүмкіндігі болмаған жағдайда мынадай нұсқаға жол беріледі:

1) инфекциялық стационарда бір бөлімшені персоналға арналған «таза» аймақ ретінде қайта бейіндеу;

2) «таза» аймаққа кіреберісте «таза» және «лас» ағымдарға бөле отырып, санитариялық өткізгіш ұйымдастырылады;

3) қабылдау бөлімшесін қоса алғанда, әртүрлі бөлімшелердің персоналы арасындағы байланысты азайту мақсатында медицина қызметкерлері «таза» аймақта кесте бойынша болады; бұл ретте «таза» аймақтың үй-жайларын бекіту бөлімшелер арасында бөлінеді;

4) «лас» аймақтың бөлімшелерінде персоналға арналған үй-жай пациенттер палатасы ретінде қайта бейінделеді.

12. «Лас» аймақтар жұмыс ауысымы кезеңінде медицина қызметкерлері үшін ішкі байланыспен (рация, ішкі телефон) қамтамасыз етілуі тиіс.

13. «Лас» аймақта мобильді телефондарды, қол сағаттарын, әшекейлерді және басқа да жеке заттарды пайдалануға жол берілмейді.

14. Инфекциялық стационарларда белгілерді және навигациялық көрсеткіштерді визуализациялау жүйесінің болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте тану белгілерімен «таза» және «лас» аймақтар анық көрсетіледі.

15. Жұмыс ауысымы кезінде медицина қызметкерлерін тек «таза» аймақта тамақтандыруға жол беріледі.

16. Госпитальдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) инфекциялық стационарда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.

 

 

II. COVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылған инфекциялық стационарлардың жұмыс режимі:

 

17. COVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылған стационарларда карантин енгізу қажет.

18. Стационарларда 3В принципін: бейнебақылауды, желдетуді және визуалдауды іске асыру қажет.

19. Стационарларда медицина қызметкерлері мен пациенттердің режимді сақтауын бақылау мақсатында бөлімшелердің, оның ішінде қабылдау бөлімшелерінің, зертханалардың және емдеу-диагностикалық бөлімшелердің жұмысын бейнебақылау (палатадан палатаға орын ауыстыру, қашықтықтан бақылау) қамтамасыз ету қажет. Медицина қызметкерлерінің (ЖҚҚ-ны кию, қолды антисептиктермен өңдеу) және пациенттердің (палатадан палатаға орын ауыстыру) режимді сақтауын бақылау мақсатында бөлімшелердің жұмысын бейнебақылауды қамтамасыз ету қажет.

20. Әрбір ауысым басқа ауысымнан оқшаулануы тиіс. Қажет болған жағдайда, пациенттерге тар бейінді мамандардың консультация беруі және оларды жүргізуі барынша қашықтықтан ұйымдастырылады.

21. Қашықтықтан консультация беру мүмкіндігі үшін медициналық ұйымдарда интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет.

22. Ауруханадан шығарылғаннан кейін палаталардың / бокстардың толтырылу циклдігін, науқастарды қорытынды дезинфекциядан кейін емдеуге жатқызуды сақтау қажет.

23. Пациенттер палаталары медицина персоналын шақыру батырмасымен жабдықталуы тиіс.

24. Күн сайын ауысымға дейін және ауысымнан кейін денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен анықталған бөлімшенің жауапты медицина қызметкерінің бақылау журналына тіркей отырып, күн сайын сұрау және дене температурасын өлшеу арқылы барлық қызметкерлердің денсаулық жағдайына тұрақты медициналық бақылау жүргізуі тиіс.

25. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура көтерілген кезде медицина қызметкері немесе медициналық ұйымның кез келген басқа қызметкері міндетті түрде медициналық ұйымның басшысын тез арада хабардар етеді, дереу оқшауланады, COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді. Оң нәтиже болған жағдайда емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда респираторлық инфекцияның клиникалық белгілері болмаған кезде жұмысқа жіберіледі.

26. Дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, беттерді күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету және басқа эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар) қамтамасыз ету қажет.

27. Медициналық ұйымдар дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың. ЖҚҚ-ның, антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының қажетті мөлшерімен қамтамасыз етілуі тиіс.

28. Инфекциялық стационарлардың басшылары жұмыс істейтін басқа персоналда респираторлық симптомдар пайда болған кезде тартылуы мүмкін резервтік персоналдың тізімін жасауы тиіс.

29. Госпитальдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) инфекциялық стационарда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.

 

 

III. COVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылған

инфекциялық стационарлардың медицина қызметкерлерінің карантин жағдайларында

тұру жағдайы (үйден тыс жерде тұрғанда):

 

30. Медицина қызметкерлерінің тұруы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету қажет:

- әртүрлі медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлерін бөлек орналастыру және тамақтандыру (әртүрлі үй-жайларда, олардың қарым-қатынас мүмкіндігін болдырмай);

- бір медициналық ұйымның әртүрлі бөлімшелерінің қызметкерлерін үй-жайларда бөлек орналастыру және тамақтандыру;

- медицина қызметкерлері үшін тұратын жерінен жұмысқа дейін және кері бағытта әрбір медициналық ұйым үшін көлікті қамтамасыз ету, кейіннен көлікті дезинфекциялау;

- үйден тыс тұратын инфекциялық стационарлар қызметкерлерінің COVID-19 таралуының алдын алуға бағытталған орналастыру, тамақтану жағдайларын және басқа да іс-шараларды орындауын бақылауды қамтамасыз ету.

31. Қашықтықтан консультация беру мүмкіндігі үшін медицина қызметкерлерінің тұратын жерлерінде интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет.

 

2-бөлім. Пациенттерді шұғыл көрсетілімдері бойынша, оның ішінде COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттерді емдеуге жатқызу үшін айқындалған көп бейінді стационарларды (көп бейінді ауруханалар, балалар ауруханалары, аудандық орталық ауруханалар, босандыру ұйымдары - бұдан әрі - медициналық ұйымдар) аймаққа бөлу және жұмыс режимі

32. Пациенттерді шұғыл көрсетілімдері бойынша, оның ішінде COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттерді емдеуге жатқызу үшін айқындалған көп бейінді стационарларды аймаққа бөлу, жұмыс режимі және қызметкерлерінің тұру жағдайлары осы қосымшаның 1-бөліміне сәйкес инфекциялық стационарларға қойылатын талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.

33. Емдеуге жатқызуға түскен кезде COVID-19-ға міндетті зертханалық тексеруге осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес адамдар жатады.

34. Пациенттердің бөлімшелер бойынша және бөлімше ішінде жүріп-тұруына жол берілмейді. Пациенттердің бөлімшеден немесе бөлімше ішінде шығуы қажет болған жағдайда, масканы пайдалану міндетті.

35. Пациентте COVID-19 диагнозы расталған жағдайда пациент инфекциялық стационарға ауыстырылады.

36. Пациенттің эпидемиологиялық мәртебесі белгіленгенге дейін шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетуге тартылған барлық персонал осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-ны пайдаланады.

 

 

3-бөлім. COVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылмаған

денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа болу және жұмыс режимі

IV. COVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылмаған денсаулық сақтау ұйымдарында аймаққа бөлу.

 

37. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда оқшаулауға арналған изоляторды қарастыру қажет.

38. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында «таза» және «лас» аймақтарға қатаң бөлуді қамтамасыз ету қажет.

39. «Лас» аймаққа мыналар жатады:

1) қабылдау бөлімшесі;

2) изолятор.