«Карантиндік және шектеу шаралары туралы» Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 31-Қ Қаулысы (2021.27.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

40. «Таза» аймаққа стационардың қалған барлық үй-жайлары жатады.

41. Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалануды қамтамасыз ету қажет:

1) ауысымға кіретін жерде «таза» аймақтан «лас» аймаққа;

2) ауысымнан шығатын жерде «лас» аймақтан «таза» аймаққа қамтамасыз ету қажет.

42. Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалануды:

1) ауысымға кіретін жерде «таза» аймақтан «лас» аймаққа;

2) ауысымнан шығатын жерде «лас» аймақтан «таза» аймаққа қамтамасыз ету қажет.

3) бұл ретте ағымдар қиылыспауы тиіс.

4) «таза» аймақтың құрамында шешінетін бөлме, ЖҚҚ беретін бөлме, сан. торап болуы тиіс.

5) «лас» аймақта ЖҚҚ-ны шешу бөлмесі, ЖҚҚ жинау бөлмесі, душ кабиналары және сан. тораптардың жеткілікті саны болуы тиіс.

43. «Лас» аймақтың медицина қызметкерлері үшін ординатор, мейіргер, бөлімше меңгерушісі кабинеттері, аға мейіргер, шаруашылық бикелері және басқа да персонал кабинеттері. санитариялық торап, олардың шаруашылық үй-жайлары кіретін «таза» аймақ қарастырылуы қажет. Аталған «таза» үй-жайлар бөлімшенің ішінде немесе оларға тікелей жақын жерде болуы тиіс. Бұл ретте оларға кіретін жер ЖҚҚ-ны шешуге арналған шлюз және душ арқылы болуы тиіс.

44. «Лас» аймақ қызметкерлерінің медициналық ақпараттық жүйелерде жұмыс істеуіне, кәсіби мәселелерді талқылауына, құжаттармен жұмыс істеуіне, демалуына, тамақтануына және сусындар ішуіне және т.б. осы қосымшаның 4-тармағында көрсетілген «таза» үй-жайларда ғана жол беріледі.

45. Пациенттердің, сондай-ақ персоналдың пайдаланылған ЖҚҚ-мен таза аймақтың үй-жайларына кіруіне және онда болуына үзілді-кесілді тыйым салынады.

46. Персонал «таза» және «лас» аймақтар арасында орын ауыстыру санын ескере отырып, стационарда ЖҚҚ мен дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс.

47. Персонал лас аймақта осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-мен жұмыс істеуі тиіс.

48. Әкімшілік, техникалық және қосалқы персонал ЖҚҚ-сыз «лас» аймақтарға жіберілмейді.

49. Емдеуге жатқызуға түскен кезде COVID-19-ға міндетті зертханалық тексеруге осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес адамдар жатады.

50. Зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін пациенттер изоляторда болуы тиіс. Шұғыл көмек көрсету қажет пациент келіп түскен жағдайда (операция, босану және т.б.) оны COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін жеке палатаға орналастыру қажет. Медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсету кезінде осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-ны пайдаланады.

51. Қызметкерлерді осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-ның жеткілікті санымен қамтамасыз ету.

52. Медицина қызметкерлерінің стационар бөлімшелері бойынша қозғалысын шектеу қажет.

53. Пациенттердің бөлімшелер арасында қозғалысына жол берілмейді.

54. Пациенттерге адамдардың келуіне тыйым салынады.

55. Медицина қызметкерлерінің (ЖҚҚ-ны кию, қолды антисептиктермен өңдеу) және пациенттердің (палатадан палатаға орын ауыстыруы) режимді сақтауын бақылау мақсатында бөлімшелердің жұмысын бейнебақылауды қамтамасыз ету.

56. Палаталардың толтырылу циклділігін сақтау.

57. Барлық үй-жайларды үнемі желдетуді қамтамасыз ету.

58. Қажет болған жағдайда, пациенттерге тар бейінді мамандардың консультация беруі және оларды жүргізуі барынша қашықтықтан ұйымдастырылады.

59. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері респираторлық инфекция және пневмония белгілері бар әрбір пациентті COVID-19-ды ықтимал жұқтырғандар (инфекция көзі) ретінде қарауы тиіс.

60. Бөлімшенің жауапты медицина қызметкері бақылау журналына тіркей отырып, күн сайын сұрау және дене температурасын күніне 2 рет өлшей отырып, медицина қызметкерлерін тұрақты медициналық бақылауды белгілейді.

61. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура көтерілген кезде медицина қызметкері немесе медициналық ұйымның кез келген басқа қызметкері медициналық ұйымның басшысын хабардар етеді, тез арада оқшауланады, COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді. Оң нәтиже болған жағдайда емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда респираторлық инфекцияның клиникалық белгілері болмаған кезде жұмысқа жіберіледі.

62. Госпитальдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) медициналық ұйымда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.

 

 

4-бөлім. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарын аймақтарға бөлу

 

Барлық МСАК ұйымдарында «лас» және «таза» аймақтарға бөлуді қамтамасыз ету қажет.

63. «Лас» аймаққа мыналар жатады:

1) сүзгі;

2) изолятор.

64. «Таза» аймаққа МСАК-тын қалған барлық үй-жайлары жатады.

65. Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалануды:

1) ауысымға кіретін жерде «таза» аймақтан «лас» аймаққа;

2) ауысымнан шығатын жерде «лас» аймақтан «таза» аймаққа қамтамасыз ету қажет.

3) «таза» аймақтың құрамында шешінетін орын, ЖҚҚ беретін бөлме, сан.торап болуы тиіс.

4) «лас» аймақта ЖҚҚ шешу бөлмесі, ЖҚҚ жинау бөлмесі, душ кабиналары мен сан. тораптардың жеткілікті саны болуы тиіс.

66. «Лас» аймақтың қызметкерлері үшін «таза» аймақты қарастыру қажет. Осы «таза» үй-жайлар сүзгінің ішінде немесе оларға тікелей жақын жерде орналастырылуы тиіс. Бұл ретте оларға кіру ЖҚҚ-ны шешу және өңдеу үшін шлюз арқылы болуы тиіс.

67. «Лас» аймақ қызметкерлерінің медициналық ақпараттық жүйелерде жұмыс істеуіне. кәсіби мәселелерді талқылауына, құжаттармен жұмыс істеуіне, демалуына, тамақтануына және сусындар ішуіне және т.б. «таза» үй-жайларда ғана жол беріледі.

68. Пациенттердің, сондай-ақ персоналдың пайдаланылған ЖҚҚ-мен таза аймақтың үй-жайларына кіруіне және болуына үзілді-кесілді тыйым салынады.

69. Персонал «таза» және «лас» аймақтар арасында персоналдың орнын ауыстыру санын ескере отырып, стационарда ЖҚҚ мен дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс.

70. Лас аймақтағы персонал осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-мен жұмыс істеуі тиіс.

71. Әкімшілік, техникалық және қосалқы персоналы ЖҚҚ-сыз «лас» аймаққа жіберілмейді.

72. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында МСАК ұйымының негізгі кіреберісі арқылы «сүзгіге» кіруге жол берілмейді.

73. МСАК ұйымына кіреберісте сүзгінің орналасқан орны туралы тиісті көрсеткіштер орнатылады.

74. МСАК ұйымдарының үй-жайына дене температурасы жоғары адамдардың кіруіне жол берілмейді.

75. COVID 19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар изоляторға оқшауланады.

76. Дәрігер тексергеннен кейін пациент амбулаториялық емдеуге жіберіледі немесе инфекциялық стационарға жатқызылады.

77. МСАК ұйымдарында күндізгі қабылдауларды және пациенттердің үйіне баруды жүзеге асыру тек медицина персоналы тиісті ЖҚҚ-мен жарақтандырылғанда және медицина персоналы ЖҚҚ-ны пайдалану және кәдеге жарату қағидаларына оқытылғанда ғана мүмкін болады.

78. Пациенттерді қабылдау алдын ала жазылу бойынша ғана жүзеге асырылады. Пациенттердің МСАК ұйымының дәлізінде немесе холлында дәрігердің қабылдауына өз кезегін күтуге жол берілмейді.

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің

2021 жылғы 27 тамыздағы

№ 31-Қ қаулысына

5-қосымша

 

 

COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын

пайдалану алгоритмі

 

Медицина қызметкерлері медициналық ұйымдарда өзін қорғау және COVID-19-дың берілуінің алдын алу үшін сақтық шараларын сақтауы қажет.

Медициналық ұйымдағы кез келген адам ықтимал жұқтырған немесе вирусты тасымалдаушы болып табылады және инфекция көзі болуы мүмкін деп болжай отырып, стандартты сақтық шараларын сақтауы қажет.

Медицина қызметкерлері пациентпен кез келген тікелей байланысқа дейін және одан кейін. ықтимал инфекциялық материалмен жанасудан және киіну алдында және жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі - ЖҚҚ), оның ішінде қолғаптарды шешкеннен кейін қол гигиенасын сақтауы қажет.

Жеке қорғаныш құралдары (ЖҚҚ) - Бұл оларды киетін адамды инфекция жұқтырудан қорғауға арналған арнайы түрде құрастырылған киім және жабдық (қорғаныш көзілдірігі, бет қалқаншалары, респираторлар).

ЖҚҚ (жиынтыққа кіретін компоненттерге байланысты қызметкерді қорғаудың әртүрлі деңгейін қамтамасыз етеді. ЖҚҚ-ны жұқтыру қаупіне (мысалы, жұмыс немесе іс-әрекет түріне) және вирустың берілу механизміне (мысалы, байланыс, тамшы арқылы немесе аэрозольді) қарай пайдалану қажет.

ЖҚҚ жиынтығына байланысты қорғаудың үш деңгейіне бөлінеді (1-кесте).

 

1-кесте

 

 

№ 2-қорғау деңгейін қамтамасыз ететін ЖҚҚ жиынтығында респираторлар тапшы болған жағдайда медициналық маскаларды тағуға жол беріледі. Бұл жағдайда көзді қорғау үшін бет қалқаншалары қолданылады. Медициналық маскалар кемінде екі сағат сайын ауыстырылуы тиіс. Маскаларды ылғалдауға тыйым салынады.

Бірдей диагнозы бар бірнеше пациенттермен жұмыс істеген кезде респираторды шешпей, бір N95, FFР3 респираторын немесе FFР2, FFР3 стандарты бойынша киюге рұқсат етіледі. Бір респираторды 8 сағаттан астам уақыт бойы пайдалануға жол берілмейді.

Медицина қызметкерлері мен кіші медицина персоналы, техникалық персонал ЖҚҚ-ны дұрыс кию, шешу және кәдеге жарату техникасы бойынша нұсқамадан өтеді.

Әрбір медициналық ұйымда ЖҚҚ-ны пайдалануға бақылау жүргізетін жауапты адам тағайындалады.

COVID-19 науқастарын емдеуде қолданылатын ЖҚҚ-ның типі қызмет түріне байланысты болады (2-кесте).

2-кесте

COVID-19 инфекциясы кезінде жағдайларға, персонал және қызмет түріне байланысты

жеке қорғаныш құралдарын (ЖҚҚ) таңдау жөніндегі ұсынымдар