Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 205 «Сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 314 Қаулысы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 205 «Сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5767 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К.Утегуловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Батыс Қазақстан облысының әкімі | Г. Искалиев |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 12.01.2022
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 26454 болып енгізілді
Результаты согласования