«Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығы
(2026.27.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;