Ескертпе:
| «Рұқсат етілген» | - объектінің қызметіне Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында айқындалған санитариялық қағидаларды, алгоритмдерді (талаптарды) және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, маскалық режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде, белгі салған және тиісті дайындық актілерін алған кезде рұқсат етілген |
| «✓» | - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында айқындалған санитариялық қағидаларды, алгоритмдерді (талаптарды) және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде, белгі салған және тиісті дайындық актілерін алған кезде қызметке ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген |
| «Тыйым салынған» | - объектінің қызметіне тыйым салынған |
Сілтеме:
*- Ұйымдар, кеңселер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және көзбе-көз жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің көзбе-көз режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.
** - толтырылу бойынша өлшемшарттар ҚР БМСД 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған.
*** - банкет залдары мейрамханалар, дәмханалар типі бойынша ас беру және келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 18 шілдедегі
№ 10 қаулысына
2-қосымша
COVID-19 коронавирустық инфекциясы тіркелген жағдайда
білім беру және тәрбиелеу объектілерін карантинге жабу
және қашықтықтан оқыту форматына ауысу
өлшемшарттары
| Контингент | COVID-19 коронавирустық инфекциясы тіркелген жағдайда | |
| 1-2 жағдай | бір-бірімен эпидемиялық байланысты 3 және одан да көп жағдай (отбасылық ошақтардан басқа) | |
| 1 | 2 | 3 |
| Тәрбиелеу объектілері | ||
| Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына баратын балалар, тәрбиешілер мен күтушілер | Топ карантинге жабылады, қызметкерлер жұмыс нысанына ауыстырылады | Мектепке дейінгі балалар мекемесі (ұйымы) карантинге жабылады |
| Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының өзге де қызметкерлері | Жақын байланыстағы тұлғалар қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырылады | Мектепке дейінгі балалар мекемесі (ұйымы) карантинге жабылады |
| Білім беру объектілері | ||
| Білім беру объектілерінің оқушылары | Сынып / топ карантинге жабылады, оқушылар қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады | Білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады |
| Сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде («қызыл» аймақ) білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар науқастанғандардың санына қарамастан қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады | ||
| Білім беру объектілерінің оқытушылары | Оқытатын сынып(тар) карантинге жабылады, оқушылар қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады | Білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады |
| Сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде («қызыл» аймақ) білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар науқастанғандардың санына қарамастан оқыту нысанына ауыстырылады | ||
| Білім беру объектілерінің өзге де қызметкерлері (әкімшілік, қосалқы персонал) | Жақын байланыстағы тұлғалар қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырылады | Білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар оқыту нысанына ауыстырылады |
| Сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде («қызыл» аймақ) білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар науқастанғандардың санына қарамастан қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады | ||