Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 199-VІ «Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын, абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 466-VI шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті XLVI сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 199-VІ «Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын, абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4092 болып тіркелген, 2018 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларында:
3-тармақтың 18) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: