(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ 2025-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТ...

Астана қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы
Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 243/32-VIII шешімі

 

Осы редакция 2025 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Астана қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер - 1 405 308 127 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер бойынша - 920 000 000 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша - 991 983 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 3 100 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 481 216 144 мың теңге;

2) шығындар - 1 037 389 602 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 18 989 474 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттік кредиттер - 19 980 000 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 990 526 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 346 908 704 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерiн сатып алу - 346 908 704 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 2 020 347 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - (-2 020 347) мың теңге;

7) қарыздар түсімдері - 5 000 000 мың теңге;

8) қарыздарды өтеу - (-7 020 347) мың теңге.

2. 2025 жылға республикалық бюджетке бюджеттiк алу 74 573 219 мың теңге сомасында қарастырылсын.

3. «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшерi - 85 000 теңге;

2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң ең төмен мөлшерi - 32 360 теңге;

3) зейнетақының ең төмен мөлшерi - 62 771 теңге;

4) айлық есептiк көрсеткiш - 3 932 теңге;

5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы - 46 228 теңге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.