«Каспий теңізінің қазақстандық секторында құтқару операцияларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 455, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 606, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 562 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 12 шілдедегі № 52/қе бірлескен бұйрығы

Каспий теңізінің қазақстандық секторында құтқару операцияларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 455, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 606, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 562 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 12 шілдедегі № 52/қе бірлескен бұйрығы

 

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 187-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Каспий теңізінің қазақстандық секторында құтқару операцияларын жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне, Ішкі істер, Қорғаныс министрлерінің орынбасарларына және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.