«Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 217 бұйрығы

«Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 217 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31679 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 69-бабының 3-бөлігіне сәйкес «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 22) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереженің 19-тармағының 37) тармақшасымен БҰЙЫРАМЫН:»;

Аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

2-тармақта:

4-1) тармақша мынадай редакцияда толықтырылсын:

«4-1) тег - жолданымның, хабарламаның, сұрау салудың, пікірдің, ұсыныстың қысқаша мәнін сипаттайтын және кілт сөздер болып табылатын бір немесе бірнеше сөздер және (немесе) сөз тіркестері;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.