(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРА...

Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 455 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 39 бірлескен бұйрығы

(2019.04.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2020 жылғы 17 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019.30.03. № 40 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019.04.04. № 24 бірлескен бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Мыналар:

1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - өлшемшарттары);

2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес теле-, радиокомпанияларға қатысты Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы (бұдан әрі - тексеру парағы);

3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес телерадио хабарларын тарату операторларына қатысты тексеру парағы бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.