Кірістер мен мүлік туралы декларацияны есепті салықтық кезеңге есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып кеткен жағдайда, осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 21) тармақшасында көрсетілген кірістерді алатын бейрезидент - еңбекші көшіп келушілер болатын жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынады.
Бұл ретте салықтық кезең ішінде осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 21) тармақшасында көрсетілген кірістерді алған бейрезидент - еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шыққан жағдайда, кірістер мен мүлік туралы декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шығатын күніне дейін ұсынылады.»;
1-тармағының 75) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
75) 739-баптың 2-тармағының 5) тармақшасында:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тараудың мақсаттары үшін шикі газ деп:
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген;
жүзеге асырылуы «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі - жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған тауарлық газды өндіру үшін пайдаланылған шикі газ да танылады.»;
екінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы бөлімнің мақсаттарында өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланылған шикі газ деп, оның ішінде қайта өңдеуден өткен, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген және көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарға сәйкес осы келісімшарт шеңберінде:»;
жетінші абзацтағы «табиғи» деген сөз алып тасталсын;
1-тармағының 76) тармақшасының бірінші - алпыс екінші абзацтары 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
76) мынадай мазмұндағы 26-бөліммен толықтырылсын:
«26-бөлім. Өтпелі ережелер
781-бап. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу жөніндегі өтпелі ережелер
1. Осы бап 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - Заң) қолданысқа енгізілген айдың соңғы күні аралығындағы кезеңде төлем көзінен салық салынатын кірістен және жеке практикамен айналысатын адамдардың салық салынатын кірісінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу жөніндегі өтпелі ережелерді белгілейді.
2. Салық агенті жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші бойынша 2025 жылғы кез келген күнтізбелік айдан бастап күнтізбелік жыл шегінде өзге шегерімдердің алдын ала сомасын қолдануға құқылы.
3. Жеке практикамен айналысатын адам Заң қолданысқа енгізілген айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Заң қолданысқа енгізілген айдың соңғы күні аралығындағы кезеңде салық салынатын кірістен есептелген жеке табыс салығын төлеуді жүзеге асырады.
782-бап. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Кодекстің 3-бабы 3 және 5-тармақтарының ережелері осы Кодекстің 302-бабының 1-тармағын, 223 және 313-баптарын қолданған кезде салық төлеушілерге қолданылмайды деп белгіленсін.
783-бап. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін:
1) осы Кодекстің 223-бабының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«223-бап. Салық салу объектілері
Мыналар корпоративтік табыс салығын салу объектілері болып табылады:
1) салық салынатын кіріс;
2) төлем көзінен салық салынатын кіріс;
3) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент - заңды тұлғаның таза кірісі;
4) жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерді қоспағанда, бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі;
5) жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі;
6) 2025 жылдағы мынадай кірістер сомасы түрінде айқындалатын кіріс:
мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімі (мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізуден болатын залалдарға азайтылған),
осы Кодекстің 279-бабына сәйкес айқындалған, бір жылға дейінгі мерзімге жасалған валютамен және пайыздық мөлшерлемелерді айырбастаумен жүргізілетін своп-операциялар бойынша кірістер (бір жылға дейінгі мерзімге жасалған валютамен және пайыздық мөлшерлемелерді айырбастаумен жүргізілетін своп-операциялар бойынша залалдар сомасына азайтылған),
бір жылға дейінгі мерзімге жасасылған репо операциялары бойынша сыйақылар (бір жылға дейінгі мерзімге жасасылған репо операциялары бойынша сыйақы түріндегі шығыстар сомасына азайтылған);
мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде бір жылға дейінгі мерзімге орналастырылған салымдар (депозиттер) бойынша сыйақылар.»;
2) Салық кодексінің 302-бабы 1-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Таза кіріске салынатын корпоративтік табыс салығын және төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын қоспағанда, салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы мынадай тәртіппен есептеледі:
осы Кодекстің 313-бабының 1 немесе 2-тармағында белгіленген мөлшерлеменің және осы Кодекстің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына азайтылған, сондай-ақ осы Кодекстің 300-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кірістің көбейтіндісі
қосу
осы Кодекстің 313-бабының 1-1-тармағында белгіленген мөлшерлеме мен осы Кодекстің 223-бабының 4) тармақшасында айқындалған, осы Кодекстің 300-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салу объектісінің көбейтіндісі
қосу
осы Кодекстің 313-бабының 1-1-тармағында белгіленген мөлшерлеме мен осы Кодекстің 223-бабының 5) тармақшасында айқындалған салық салу объектісінің көбейтіндісі
қосу
осы Кодекстің 313-бабының 1-2-тармағында белгіленген мөлшерлеме мен осы Кодекстің 223-бабының 6) тармақшасында айқындалған салық салу объектісінің көбейтіндісі
алу
осы Кодекстің 303-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы
алу
салықтық кезеңде ұтыс түріндегі кірістен төлем көзінен ұсталған, осы баптың 2-тармағына сәйкес азайту жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы
алу
сыйақылар, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзінен ұсталған, осы баптың 3-тармағына сәйкес алдыңғы салықтық кезеңдерден ауыстырылған корпоративтік табыс салығының сомасы
алу
салықтық кезеңде сыйақылар, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзінен ұсталған, осы баптың 2-тармағына сәйкес азайту жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы.»;
3) осы Кодекстің 313-бабының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«313-бап. Салықтық мөлшерлемелер
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің осы Кодекстің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 300-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кірісі 20 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
1-1. Осы Кодекстің 223-бабының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған салық салу объектілері 20 пайыз мөлшерлемесі бойынша салық салуға жатады.
1-2. Осы Кодекстің 223-бабының 6) тармақшасында айқындалған салық салу объектілері 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
2. Ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың осы Кодекстің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 300-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кірісіне, егер мұндай кіріс ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген аталған өнімді, сондай-ақ осындай қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынса, 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынуға жатады.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметті жүзеге асырудан алынған кіріс деп ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге мынадай бағыттар бойынша берілген бюджеттік субсидиялар да танылады:
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін ауыл шаруашылығы техникасының, технологиялық жабдықтың лизингі бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдыққа кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандату;
2) өсімдіктердің жоғары бағалы сорттары мен ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтар тұқымдарының тектік қорын сақтау және дамыту;
3) тұқым шаруашылығын дамыту;
4) мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыру;
5) аквашаруашылықтың (балық өсіру шаруашылығының) өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыру;
6) басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;
7) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату;
8) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату;
9) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
10) жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру);
11) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;
12) ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындардың құнын арзандату;
13) ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу.
3. Бейрезиденттердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірістерін қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын кірістер төлем көзінен 15 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
4. Бейрезиденттердің осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 1) - 9), 11) - 34) тармақшаларында айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай бейрезиденттердің тұрақты мекемесімен байланысты емес кірістеріне, сондай-ақ осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген кірістерге осы Кодекстің 646-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
5. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент - заңды тұлғаның таза кірісіне осы Кодекстің 652-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша және тәртіппен корпоративтік табыс салығын салуға жатады.».
784-бап. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру және мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің және оның қатысушыларының қызметі, сондай-ақ «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері қатысушыларының қызметі «Астана Хаб» дербес кластерлік қорының, «Астана Хаб» инновациялық кластерінің және оның қатысушыларының қызметі ретінде есептеледі деп белгіленсін.».
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 7-3, 26-1, 42-1, 42-2 және 42-3-баптармен толықтырылсын:
«7-3-бап. Салық кодексінің 88-бабы 1-тармағы 8) тармақшасының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«8) өндіруді, жинауды (жинақтауды) еркін қойма аумағында жүзеге асыратын салық төлеушілерді қоспағанда, осы Кодекстің 462-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды);»;
«26-1-бап. Салық кодексінің 208-бабы 10-тармағының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«10. Акциз бойынша салықтық есептілікті ұсыну жөніндегі міндеттеме мынадай қызмет түрлерін:
бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын өндіруді;
бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді;
этиль спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіруді;
темекі бұйымдарын өндіруді;
еркін қойма аумағында өндіруді, жинауды (жинақтауды) қоспағанда, осы Кодекстің 462-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.
Акциз бойынша салықтық есептілікті ұсыну жөніндегі міндеттеме шикі мұнай, газ конденсаты бойынша (экспортқа өткізілген шикі мұнайдан, газ конденсатынан басқа) салық салынатын операцияларды жүзеге асыратын салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.
Акциз бойынша салықтық есептілікті ұсыну жөніндегі міндеттеме темекі бұйымдарын, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотин бар сұйықтықты көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылмайды.»;
«42-1-бап. Салық кодексінің 461-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1) өндіру еркін қойма аумағында жүзеге асырылатын, осы Кодекстің 462-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын;».
«42-2-бап. Салық кодексінің 461-бабы 1-тармағы 6) тармақшасының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«6) жинауды (жинақтауды) еркін қойма аумағында жүзеге асыруды қоспағанда, осы Кодекстің 462-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.».
«42-3-бап. Салық кодексінің 464-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1) акциз төлеуші өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялар:
осы Кодекстің 462-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген, өндіру, жинау (жинақтау) еркін қойма аумағында жүзеге асырылатын тауарларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды өткізу;
акцизделетін тауарларды алыс-беріс негізінде қайта өңдеуге беру;
алыс-берістік, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды қайта өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру;
жарғылық капиталға жарна;
акцизделетін тауарларды заттай нысанда пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын төлеу есебіне беру жағдайларынан басқа, акцизделетін тауарларды заттай ақы төлеген кезде пайдалану;
өндіруші өзінің құрылымдық бөлімшелеріне жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды тиеп-жөнелту;
өндірушінің шығарылған және (немесе) өндірілген және (немесе) ыдысқа құйылған акцизделетін тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждықтары үшін және акцизделетін тауарларды өздері өндіру үшін пайдалануы;
өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарлардың лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан орын ауыстыруы;»;
2-тармағының 2) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 44-баптың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) байланыс саласындағы уәкілетті орган радиожиілік спектрін пайдалануға берген рұқсаттар шеңберінде өзіне міндеттемелер қабылдаған, төлемақының тиісті мөлшерлемесін төмендетуден босаған қаражаттан аз емес қаражатты қалалық және ауылдық елді мекендерде Интернетке кең жолақты қолжетімділік жобаларын қаржыландыруға дербес өзі немесе топтасып жіберген байланыс операторлары үшін Салық кодексінің 595-бабы 2-тармағы кестесінің жетінші және он алтыншы жолдарының қолданысы 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, төлемақының айқындалған жылдық мөлшерлемелері 90 пайызға азайтылады деп белгіленсін.
Төлеушілер төлеген төлемақы сомаларын қайтару жүргізілмейді.
Байланыс операторлары осындай міндеттемелерді ресімдеу мақсатында байланыс саласындағы уәкілетті органға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты жібереді, ол міндеттемелерді енгізеді және радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты байланыс операторына қайтарады.
Байланыс операторлары тиісті міндеттемелер орындалғанға дейін және орындалғаннан кейін көрсетілген жобаларды қаржыландыру бойынша жыл сайынғы аудиттелген мәліметтерді байланыс саласындағы уәкілетті органға ұсынады, сондай-ақ қалалық және ауылдық елді мекендерді Интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі ақпаратты ай сайынғы негізде береді;».
3-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «, он сегізінші - отыз үшінші» деген сөздер алып тасталсын.
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 75) тармақшасын;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының бірінші, төртінші - жетінші абзацтарын;
3) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 8) тармақшасын;
4) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 20) тармақшасының бірінші, алтыншы - сегізінші абзацтарын;
5) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасын, 6) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарын, 12), 15), 16), 17) және 19) тармақшаларын және 3) тармағын;
6) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 7) тармақшасының бірінші - үшінші абзацтарын, 10), 13), 14) және 18) тармақшаларын, 20) тармақшасының екінші - бесінші, тоғызыншы - он екінші абзацтарын, 21), 22), 24), 25), 27) - 33) тармақшаларын, 34) тармақшасының бірінші - тоғызыншы, он бірінші - он үшінші абзацтарын, 35) - 47), 49) - 53), 56) - 58), 60) - 74) тармақшаларын, 76) тармақшасының бірінші - алпыс екінші абзацтарын және 2-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 15 шілде
№ 208-VIII ҚРЗ