Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің энергетика саласындағы салалық технологиялық құзырет орталығы туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 537-н/қ бұйрығы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 241-5-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің салалық технологиялық құзырет орталығы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің салалық технологиялық құзырет орталығының ережесі бекітілсін.
2. Салалық технологиялық құзырет орталықтарының кураторы болып цифрландыру, транформациялау және цифрлық технологияларды енгізу мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі тағайындалсын.