«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 136 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 136 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20414 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызмет алушыға ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) 6-тармағына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.