(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ОРМАНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГІН ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛ...

Осы редакция 2020 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

міндетін атқарушы

2015 жылғы 27 ақпандағы

№ 18-02/163 бұйрығына

3-қосымша

 

 

Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу
қағидалары

(2016.30.06. берілген өзгерістермен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.30.06. № 293 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Ормандардың мемлекеттік мониторингi орман қорын күзету, қорғау, пайдалану және орман өсіру, ормандардың биологиялық әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласында мемлекеттік басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен серпінін байқау, бағалау және болжау, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып байқау, бағалау және болжау жүйесiн бiлдiредi.

3. Ормандардың мемлекеттік мониторингiн жүргiзудi осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырады.

 

 

2. Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргізу тәртiбi

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.