«Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 94/1 Қаулысы
(2026.02.03. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлкеттік органдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұймдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.
3. «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.
| Облыс әкімі | Ә. Сқақов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2026.19.01. № 14/1 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Бекітілді
Павлодар облысы әкімдігінің
2022 жылғы 11 сәуірдегі
№ 94/1 қаулысына
1-қосымша