«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 588 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 588 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

2026 жылғы 22 маусымдағы

№ 588 бұйрығына

қосымша

 

 

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

 

1. «Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9258 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Есептік тіркеуге қою немесе алу туралы мәліметтер аумақтық органға хабарлама (хаттама) келіп түскен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың Жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу кітабына (бұдан әрі - Кітап) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысанда енгізіледі.»;

Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасының 2-қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда редакцияда жазылсын:

«_____________ астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың Жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу кітабы».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.