Мәслихаттың 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 8 «Бейімбет Майлин ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2025 жылғы 30 мамырдағы № 175 шешімі
Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың «Бейімбет Майлин ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9961 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тобыл кенті және Бейімбет Майлин ауданы елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бейімбет Майлин ауданының елді мекендерінің бағалау аймақтарының шекаралары схемаларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 3, 4-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.».
көрсетілген шешіміне 1, 2-қосымшалар осы шешіміне 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы шешіміне 3, 4-қосымшаларға сәйкес 3, 4-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан мәслихатының төрайымы | А. Айтпаева |
Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының
2025 жылғы 30 мамырдағы
№ 175 шешіміне
қосымша
Мәслихаттың
2023 жылғы 6 сәуірдегі
№ 8 шешіміне
1-қосымша
Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кенті жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының
2025 жылғы 30 мамырдағы
№ 175 шешіміне қосымша
Мәслихаттың
2023 жылғы 6 сәуірдегі
№ 8 шешіміне
2-қосымша
Бейімбет Майлин ауданының елді мекендері жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)