Қарағанды облысының жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн 2025 жылға арналған төлемақы ставкаларын бекіту туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2025 жылғы 27 мамырдағы № 286 шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 5-тармағына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38 бабының 5) тармақшасына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2025 жылға арналған төлемақы ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат төрағасы | Н. Кобжанов |
Қарағанды облыстық мәслихатының
2025 жылғы 27 мамырдағы
№ 286 Шешіміне қосымша
Қарағанды облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2025 жылға арналған төлемақы ставкалары
| № р/р | Арнаулы су пайдалану түрі | Өлшем бірлігі | 2025 жылға төлемақы ставкалары, теңге |
| Балқаш және Алакөл көлдері мен өзендерінің бассейні | |||
| 1 | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 текше метр | 208,22 |
| 2 | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде | теңге/1000 текше метр | 574,4 |